Учаскедегі бақылаушылардың көбі шетелден – төраға
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №58 сайлау учаскесіне президенттік сайлауға дауыс берушілер саны көбейіп жатыр. Учаскедегі жұмыс барысын бақылау үшін шетелден келген 7 байқаушы отыр.
"Біздің учаскедегі байқаушылардың көбі шетелден келген. Шетелден 7 адам отыр. АҚШ, Сербия, Венгрия, Австрия және ШЫҰ-дан 2 байқаушы бар. Дәл қазір №58 учаскеде 280-нен астам сайлаушы дауыс берді", - деді учаске төрағасы Қымбат Іргебаева.
Сонымен қатар, бұл учаскеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев дауыс беруге келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамин президент сайлауында дауыс берді
Өзгелердің жаңалығы