Учаске ашылмай тұрып, бірнеше адамның кезекте тұрғанын көрдік – шетелдік бақылаушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық байқаушылардың ақпараттық орталығында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылары брифинг өткізді.
Оған Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы федерация кеңесінің конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитетінің мүшесі Олег Цепкин қатысып, референдум учаскесінде дауыс беру процесі қалай жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бүгін әріптестерім таңғы сағат 7-ден бастап Нұр-Сұлтанда және басқа да өңірлерде өз жұмысын бастаған референдум учаскелеріне барды. Елордада дауыс беру процесі өте жоғары ұйымдастырылған. Өз әріптестеріммен байланыстым. Барлық учаске ашылғанда сайлау комиссиялары толықтай дайын болды. Алғашқы болып дауыс беретіндердің күтіп отырғанын көрдік, - дейді ТМД ПА бақылаушысы.
Оның айтуына қарағанда, осы ұйымның бақылаушылары болған референдум учаскелерінде кезек болған.
Бірнеше адам учаскенің ашылуына дейін кезекте тұрғанын көрдік. Игі дәстүр бойынша дауыс беру учаскесінің жұмысы Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Барлығы өте әсерлі ұйымдастырылған. Әріптестерімнің пікірі бойынша, барлық учаскеде бақылаушылар бар. Комиссия мүшелерінің біліктілігі өте жоғары. Ешқандай шағым, ескерту жоқ. Көңіл-күй жағымды. Дауыс берушілердің де көңіл-күйі жақсы. Бастысы азаматтар әлеуметтік-саяси өмірдің жақсаруын күтіп отыр, - деп айтты Олег Цепкин.
Шетелдік бақылаушы жергілікті тұрғындардың Ата Заңға енгізіліп жатқан өзгерістерге қатысты ойларын, пікірлерін тыңдадық.
Олар тұрақты дамуды қалайды. Тұрғындар елде әрдайым бейбітшілік болғанын тіледі. Сондай-ақ халықтың әл-ауқаты, әлеуметтік жағдайы одан әрі жақсара түскенін қалайды. Одан бөлек, тұрғындар өмірге қажетті жайлы жағдай жасалғанын күтіп отыр, - деді ол.