22 Мамыр 2024 2024, 08:00 Фото: BAQ.KZ архив

ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру ұзартылды

Елімізде ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елімізде ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлердің пікірін еске ала отырып, 22 мамыр сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тестіленушілер үшін ашылатыны белгілі болды.

Өтініш беріп үлгермеген тест тапсырушылар app.testcenter.kz сайтында ұсынылған қолжетімді орындарға ғана тіркеледі. 2 рет өтініш берген талапкерлер үшін іс-әрекет қолжетімсіз болады, - деп атап өтті ведомство басшысы.