ҰБТ-дан көп балл жинаған түлектер неге грантқа ілінбей жатыр? – министр жауабы

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл неге көп балл жинаған талапкерлер грантсыз қалып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, грант көбіне мемлекеттік тапсырыстың аясындағы мамандықтарға бөлінеді.

Сонымен қатар Саясат Нұрбек 90 балдан жоғары жинаған 10,6 мыңға жуық талапкердің жағдайын түсіндірді.

Енді мұқият қарайық. Нақты статистика берейін. Олар кімдер және қандай мамандыққа өтінім берді? Денен шынықтыру пәнінің мұғалімін дайындайтын 3452 талапкер грант иеленбей қалған. Бұл мамандыққа біз 600 ғана грант бөлдік, демек бұл грантты үздіктер алып үлгерді, - деді Нұрбек үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Екінші үлкен санат – дизайны мамандығы. Мамандық бойынша грантқа 941 адам ілікпеген.

Биыл сән және киім дизайнына 205 грант бөлдік. 205 грант иеленіп, 1624 адам құжат тапсырды. Биыл 941 түлек жоғары балл жинап, құжат тапсырған. Бұл түлекиер мемлекет басымдық бермейтін мамандықтарға құжат тапсырған. Біз мұны түсінуіміз керек. Соңғы бірнеше жылға назар салқа, гранттардың басым бөлігі инженерлік, педагогикалық және IT мамандықтарына бөлінген, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы