30 Сәуір 2024 2024, 16:28 Фото: - архив

ҰБТ-2024: Талапкерлер үшін маңызды ақпарат пайда болды

Биыл негізгі ҰБТ еліміздің әр аймағында әртүрлі уақытта басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл негізгі ҰБТ еліміздің әр аймағында әртүрлі уақытта басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 облыс талапкерлері үшін ол кейінірек басталады.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін ҰБТ-ға тіркелу 6 мамырдан 20 мамырға дейін, ал тестілеудің өзі 25 мамырдан 12 шілдеге дейін өтеді. Қалған талапкерлер үшін ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі - 6 мамырдан 14 мамырға дейін. Ал ҰБТ 16 мамырдан басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылы барлық талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.