ҰБТ-2024: Ең көп грант қай мамандыққа бөлінеді

ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлзат Көбенова ОКҚ-да өткен брифингте биыл неше грант бөлінгенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық бағыттарға аса назар аударылады. Осылайша, барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді, - деді комитет өкілі.

Көбенованың айтуынша, гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грант. 

Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: -архив
Өзгелердің жаңалығы