ҰБТ-2021: Бейнежазбалар тексеріліп жатыр - БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев бейнежазбалар тексеріліп жатқанын айтты. Нәтижесі 25 тамызда жарияланады.
Қолданыстағы ережеге сәйкес қазіргі уақытта барлық бейнежазба биыл 25 тамызға дейін тексеріледі. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану анықталса, онда тестіленушінің нәтижелері жойылады. Бұл бағытта Ұлттық тестілеу орталығы жұмысты жалғастырып жатыр. Оның нәтижесі тамыз айының аяғында жарияланады, - деді Тойбаев брифингте.
Оның айтуынша, биыл ҰБТ штаттық режимде және ешқандай форс-мажорсыз өтті.
ҰБТ процесіне Ұлттық тестілеу орталығының өзінде орналасқан орталықтандырылған ахуалдық орталық арқылы бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ әр ҰБТ өткізу пунктінен онлайн көрсетілім ұйымдастырылды (education.kz/).
Айта кетсек, биыл едімізде алғаш рет ҰБТ «бір компьютер – бір камера – бір тестілеуші» қағидаты бойынша 51 пункте өткізілді. Электронды форматта өткізілген ҰБТ-ның қағаз форматтан артықшылығы болды.
Еске сала кетейік, биыл ҰБТ-ға 145 288 талапкер қатысты. Оның ішінде 109 693 немесе 75,5% түлектер қазақ тілінде, 35 245 немесе 24,3% орыс тілінде тестілеуден өтті.