ҰБТ-2020. 79 талапкердің тест нәтижесі жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да ҰБТ кезінде 79 түлектің тест нәтижелері жойылды. Бұл туралы ШҚО бойынша жемқорлықпен күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байдилдин мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша, тест тапсырушылар тыйым салынған заттарды пайдаланған.

10 күнге созылған сынақтың барысында 79 бала ҰБТ талаптарын бұзған екен. Олардың тест нәтижелері жойылды. ҰБТ процессі 25 тамызға дейін тексеріледі. Ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда, тест тапсырушының нәтижелері жойылатын болады.

Әлеуметтік желіде тестілеуде ақылы түрде көмек көрсететін адамдар туралы ақпарат бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан бұл адамдардың алаяқ екендерін ескертеміз, - дейді Жігер Байдилдин.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы