ҰБТ: 19 талапкердің нәтижесі жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл бейнежазбаларды тексергеннен кейін 19 талапкердің нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

  Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді тапсыру кезінде анықталған заңбұзушылықтар жөнінде үнемі хабардар етіп отырады.

Бұл жерде бөгде тұлғаларды анықтау, сондай-ақ тыйым салынған заттарды алып кіруге талпыну және оларды пайдалану туралы айтылып отыр.

Ереже бұзылған жағдайда, ақпарат автоматты түрде, орталық министрлігінің келісімінсіз, одан әрі қарастырылу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады.

Осы ретте ҰТО оқуға түсушілердің білім алған мектебі, оның ішінде олардың ата-аналары туралы мәліметтерді анықтамайды. Бұл ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан маңызды жұмыс, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, өткен жылы осы норманы қабылдап, бейнежазбаларды алғаш рет қарастырған соң тағайындалып қойған гранттардың күші жарамсыз болып танылды. Ағымдағы жылы да бейнежазбаларды тексергеннен кейін 19 талапкердің нәтижесі жойылды.

ҰБТ аяқталып, гранттар тағайындалғаннан кейін де ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері талапкерлердің қатысуымен бейнежазбаларды қарастырады. Бірінші кезекте, 100-ден астам балл жинаған тестіленушілердің бейнежазбалары тексеріледі. Әрі қарай басқа да жағдайлар қарастырылады.

Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасатын болады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы