Уақытша орналасу пункттерінде 5 313 адам бар – ТЖМ

Су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты ТЖМ ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан 13 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғастырылуда. 89 250 текше метр су сорылды.

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Индер ауданының Индербор кентінде, Махамбет ауданының Жалғансай ауылында су басқан аумақтардан 47 525 текше метр су сорылды. Махамбет ауданының Жалғансай ауылында тасқын суды сору жұмыстары аяқталды. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 2 300 қапшық және 95 инертті материал төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда.

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қоянды ауылында жаңбыр суы басқан 20 аула аумағынан, көшелер мен жолдың жүретін бөлігінен су сору жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 11 790 текше метр су сорылды.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Өткен тәулікте 243 230 текше метр су сорылды.

Республика бойынша эвакуацияланған 63 009 адам өз үйлеріне оралды. 5 313 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 25,5 млн артық еріген қар суы су сорылды, 8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 397 адам, 665 техника, 260 су сору құралы және 54 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы