Уақытша еңбекке жарамсыздығына берілетін төлем көбейеді

1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 15 АЕК-тен (51 750 теңгеден) 25 АЕК-ке (86 250 теңгеге) дейін ұлғаяды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжіліс қарауына енгізілді. 

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс, - делінген құжатта. 

Жұмыскер қызмет барысында жарақаттанса немесе кәсіптік дертке шалдығып, қызметке уақытша жарамсыз деп танылса, онда оған орташа жалақының 100% мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы