“Уақыт жоқ”. Бибісара Асаубаева неге қазақша сөйлемейтінін айтты

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлжелідегі оқырмандарына неге қазақша сөйлемейтінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Менің кестем өте тығыз. Біздің отбасында негізінен орыс тілінде сөйлейді. Қазақшаға уақыт жоқ. Сәуірде мен үш турнир ойнаймын делік, мамырда екеуі жоспарланған, сондықтан... Мұнда таңдау керек шахмат немесе тілдерді үйрену. Бірақ мен тырысамын, - деді 19 жастағы спортшы.

Кеше Асаубаева шахматтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: facebook.com
Өзгелердің жаңалығы