27 Ақпан 2024 2024, 15:47 Фото: ortcom.kz

Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты eGov.kz порталы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі, - делінген компания таратқан хабарламада.

Осы уақыт аралығында келесі жобалар:

- eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;

- egov mobile мобильді қосымшасы;

- «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;

- «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;

- «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі;

және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.