Уақыт белдеуі: Үкімет әлемдік және қазақстандық тәжірибені салыстырмақ

Бұл туралы Мәжілістің кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлем тәжірибесіне сәйкес, Үкімет дұрыс шешім қабылдады деп есептеймін. Оған біраз дәлел бар. Ең танымал халықаралық институттар, ең танымал халықаралық ғалымдар оны қолдайды. Олар 2022 жылы Барселона декларациясына қол қойған. 80-нен астам ұйым, танымал тәжірибелі ғалымдар қол қойған. Сол себепті біз олардан артық емеспіз, бізде басқа пікір жоқ. Үкімет қазір өз шешімін қолдайды, - деді Жұманғарин.

Ол халықтың уақыт белдеуіне қатысты наразылығының екінші жағы да бар екенін атап өтті.

Зерттеу наразылықтың басқа жағы да бар екенін көрсетіп жатыр. Мысалы, қараңғы түскенде жарық жоқ, инфрақұрылым жоқ, тротуарлар дайын емес, қар тазартпайды. Осының бәрін шешу керек. Уақытты өзгертуге болады ғой. Мысалы, жұмысты ертерек бастап, ертерек бітіру. Оның бәрін біз шешеміз. Келесі аптадан бастап медиаға шығамыз. Халықаралық сарапшыларды шақырып, халыққа түсіндіреміз. Халық түсініп, басқа пікірі болуы керек, - дейді вице-премьер.

Ол зерттеу нәтижесі қандай шешімге келетінін білмейтінін қоса кетті.

Біз халықаралық тәжірибе мен Қазақстан тәжірибесін салыстырамыз, - деп түсіндірді Үкімет мүшесі Мәжіліс кулуарында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы