Уақыт белдеуі өзгеруінің энергия тұтынуға әсері қандай?
Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Булатбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, уақыт белдеуінің өзгеруі жалпы алғанда электр энегиясы тарифтеріне әсер етпеген. Бірақ былтырғы наурыз айы мен 2024 жылдың наурызында тұтынылған электр энергиясы көлемін салыстырғанда аздаған өсім байқалған.
Бірақ бұл үрдіс былтырлары да болды. Жыл сайын электр энергиясын тұтыну 2-3 пайызға артып келеді, – деді ол.
Булатбаев бұл халық санының өсіміне де байланысты екенін жеткізді.
Айта кетейік, Астанада Қазақстанның біртұтас уақыт белдеуіне көшуінен бас тарту туралы петицияны қоғамдық талқылау гибридті форматта өтіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Азық-түлік тауарларын жеткізушілерге несие берудің жаңа талаптары мен міндеттемелері қабылданды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы