Уәлиханов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына жабылды

Ш.Уәлиханов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ш.Уәлиханов көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы басталды.

Осыған байланысты 25-28 маусым аралығында Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесі дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы