Уақыт болса, барлық жерді аралау керек: Туризм комитеті қазақстандықтарға кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен брифингте Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қазақстандықтарға демалысты өткізуге қолайлы аймақтарды атады.

Қазақстандықтарға қай аймаққа барып демалуды ұсынасыздар деп редакциямыз брифингке қатысушыларға сауал жолдады.

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қазақстандықтарға демалысты өткізуге тиімді аймақтарды атады.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында 10 туристік аймақ қарастырылған. Олардың қатарында туристік әлеуеті зор үлкен территориялар бар.

Мысалы, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Алакөл. Алакөлде соңғы жылдары туристік ағынның қарқынды дамып жатқанын байқап отырмыз. Сонымен қатар Маңғыстау облысы, Түркістан қаласы, Имантау-Шалқар курорттық аймағы, өзіміздің Балқаш өңіріне баруға болады. Негізі баратын жерлер көп. Уақыт болса, барлық жерді аралау керек, - деп жауап берді Дастан Рыспеков брифингте.

Бұған дейін Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков енді әр шетелдік турист үшін отандық туроператорларға 15 мың теңгеден берілетіні туралы айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы