Кепілде тұрған автокөлікті алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Криминалдық полиция басқармасының қызметшілері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бірнеше рет алаяқтық жасаған деп айыпталуда.

«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 5 алаяқтық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. ​Тергеу барысында белгілі болғаны ол жәбірленушілерге банкте кепілде тұрған автокөліктерін алып беремін деп уәде еткен», - деп жазылған ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлері құрықтаған ер адам елордадағы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. 


Суреттегі тұлғаның құқыққа қарсы әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайында орналасқан Полиция департаментіне 8 (7172) 71-60-24; 71-60-69, 8 701 533 57 58, 8 702 555 93 23 телефон нөмірлері арқылы немесе «102» нөміріне хабарласуға болады. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы