11 Сәуір 2026, 22:53
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Уәде етілген қызметті толық көрсетпеген: Павлодарда кәсіпкер жауапқа тартылды
Тұтынушы жаңа ұсынылған келісімшартпен келіспей, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген.
Павлодарда кәсіпкер клиентке уәде етілген білім беру қызметтерін толық көрсетпегені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын IELTS емтиханына дайындық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге сүйемелдеу қызметі үшін 990 мың теңге төлеген. Алайда іс жүзінде тек 190 мың теңгеге қызмет көрсетілген.
Тұтынушы жаңа ұсынылған келісімшартпен келіспей, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Ведомство мамандары сот процесіне қатысып, жәбірленушіге қолдау көрсетті.
Нәтижесінде тараптар медиативтік келісімге келіп, кәсіпкер клиентке 750 мың теңге қайтаруға міндеттелді.
- Сарапшы жастардың саяси белсенділігі туралы айтты 12:30
- 2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 12:20
- Алматы тауларында төтенше жағдайлар жиілеген: Бір күнде төрт құтқару операциясы жүргізілген 12:02
- Келісімсіз қай кезде түсірілім жүргізуге болады: Аида Балаева БАҚ құқықтарын түсіндірді 11:53
- Құтқарушылар Алматыға келетін туристердің тауда жиі жіберетін қателігін атады 11:42
- 23 тамызда Астанада LRT мен автобуспен жүру тегін болады 11:23
- ЕАДБ болжамы: Қазақстанда 2026 жылы доллар бағамы мен экономика қандай болады? 11:09