Бүгiн 2026, 03:40
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
U23 Азия чемпионаты: Төрт қазақстандық боксшы қыз жартылай финалға шықты
U23 жас санатындағы жартылай финалдық жекпе-жектер 12 шілдеде өтеді.
Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының төрт бұрымды боксшысы жартылай финалға жолдама алды.
8 шілдеде өткен U23 санатындағы ширек финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) және Аяжан Ермек (60 келіге дейін) жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Ал Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін) мен Аружан Жаңабаева (65 келіге дейін) ширек финалда жеңіліп, жарысты аяқтады.
U23 жас санатындағы жартылай финалдық жекпе-жектер 12 шілдеде өтеді. Қазақстандық боксшылар финал жолдамасы үшін бақ сынайды.