23 Тамыз 2026, 23:54
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
U20 әлем чемпионаты: Қазақ балуаны қола жүлдеге ие болды
Нұрасыл Асамбек Өзбекстан өкілі Улугбек Рашидовты жеңді.
Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан күрестен U20 әлем чемпионатында қазақстандық Нұрасыл Асамбек қола медаль жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Өзбекстан өкілі Улугбек Рашидовты айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ал 92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали қола медаль үшін өткен белдесуде америкалық Джеймс Мастниге есе жіберді.
Айта кетейік, бұған дейін Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленген болатын.