Úki халықаралық байқауда көрермен көзайымы жүлдесіне ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі «Монета шоқжұлжызы-2020» ХІV байқауының қорытындысы туралы хабарлады. 

Интернет арқылы жиналған дауыстардың нәтижесінде «Көрермен көзайымы жүлдесі» номинациясында Қазақстанның Úki күміс монетасы жеңіске жетті. Әртүрлі елдердің тұрғындары арнайы порталға кіріп, 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында дауыс берген болатын. 


Биылғы байқауға 17 елден 26 қатысушы өз монеталарын ұсынған. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Латвия, Қырғыз Республикасы, Польша, Венгрия сияқты басқа да елдердің орталық банктері бар. Бұдан өзге Лихтенштейн, Австралия, Италия, Нидерланд, Франция, Литва, Бельгияның монета сарайлары, сондай-ақ Numiartis (Германия), Power Coin (Италия) және Allcollect GmbH (Германия) сияқты монета дистрибьютерлері жұмыстарын ұсынды, - делінген хабарламада.

                                   

   

«Монета шоқжұлдызы» дегеніміз Ресей аумағында өтетін және естелік монеталарға арналған жалғыз халықаралық байқау. Оған әлемнің ұлттық банктері, монета сарайлары мен монета дистрибьютерлері қатысып, монеталарын ұсына алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы