4 Қыркүйек 2024 2024, 03:15
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
ТЖМ жылыту маусымындағы қауіп туралы ескертті
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, маусымаралық суық мезгілде өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі - жылу жабдықтарын орнату және пайдалану ережелерін бұзу.
Сол үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау ұсынылады:
Дұрыс жылыныңыз:
- зауытта жасалған электр жылытқышты қолданыңыз;
- заттарды жылытқышта және пештің үстінде кептірмеңіз;
- үйден шығар кезде және ұйықтар алдында жылыту құрылғыларын өшіріңіз;
- тұрғын үйді жылыту үшін пеш пен газ плитасын пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік өзіңізден басталады!