ТЖМ: Жыл басынан бері 10-нан астам балықшы суға кетті

Жыл басынан бері елімізде 10-нан астам балықшы суға кетіп көз жұмған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Балық аулауға шыққандарға қатысты айтар болсам, жыл басынан бері 11 адам суға кетті. Оған қайық сынды қажетті заттардағы олқылық себеп болған. Ал шомылу маусымы басталғанға дейін 5 адам, ал шомылу маусымы басталған, яғни 1 маусымнан бастап 6 адамның ажалы судан келді, - деп түсіндірді Ерасыл Сайпаш.

Судағы құрбандар санының көбеюіне белгіленбеген жерлерде шомылу, өз күшін бағаламау мен алкогольдік ішімдік пайдалану себеп болған.

Еске сала кетейік, Құрықта жоғалған азамат әлі іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады,

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы