ТЖМ Жетісу облысында қар құрсауынан 13 адамды құтқарды
Жетісу облысында қар құрсауынан 13 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29 ақпан күні «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында қар құрсауында 3 жеңіл автокөлік тұрып қалды.
Құтқарушылар Әбділдаев Қуандық, Әбіш Мәди, Тютерев Олег, Жарылқасын Ғазиз қар құрсауынан 13 азаматты, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Медициналық көмек қажет емес. Азаматтар Көктұма станциясына жеткізілді.
Ел азаматтарынан қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз, - деп жазды ТЖМ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан трансшекаралық өзендердің суын пайдалануды реттейтін халықаралық конвенцияға қосылды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы