ТЖМ үсіктен сақтану ережелерін еске салды
Үсіп қалу мен қатты тоңудың алдын алу үшін нені білу керек. Негізгі ережелер туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ тоңу және үсіп қалуды болдырмау үшін қарапайым тәртіп ережелерін еске салады:
- бос, бірнеше қабатты жылы киім кию;
-жылы аяқ киімге ерекше назар аударыңыз;
-аязға қолғапсыз, биялайсыз, бас киімсіз және мойынорағышсыз шықпаңыз;
-терінің жалаңаш бөліктерінің металмен жанасуын болдырмаңыз;
-үсік шалған дене бөлігін қайта тоңазудан сақтаңыз;
-себебі бұл терінің одан әрі зақымдануына алып келеді;
-аяқ-қолдардың тоңып қалуы кезінде үсіп қалу қаупі бар жерлерді жылыту және тексеру үшін кез келген жылы жерге (дүкен, кафе, кіреберіс) мүмкіндігінше тезірек кіру қажет;
-желден қорғаныңыз, себебі желде үсік шалудың ықтималдығы әлдеқайда жоғары.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысы әкімінің грантына ұлттық кесте студиясы ашылды
Келесі жаңалық
Спорттық ұйымдар үшін спортшылардың жас санаты өзгерді
Өзгелердің жаңалығы