31 Қазан 2026, 04:27
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ ұшқыштары науқас әйелді шұғыл түрде Жезқазғанға жеткізді
Науқас әрі қарай ем қабылдау үшін облыстық ауруханаға жеткізілді.
Бүгін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары 1975 жылы туған науқас әйелді тасымалдау үшін Жезқазған – Жәйрем – Жезқазған бағыты бойынша санитариялық рейс орындады.
Ұшу кезінде санитариялық авиация мамандары әйелдің жағдайын бақылап, қажетті медициналық көмек көрсетті.
Науқас әрі қарай ем қабылдау үшін облыстық ауруханаға жеткізілді.