15 Ақпан 2026, 12:14 Фото: видеодан кадр

ТЖМ ұшқыштары бір айлық баланы Қызылордаға шұғыл жеткізді

Сәби шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарайтын "Қазавиаспас" тікұшағының экипажы баланы жедел түрде қалаға тасымалдау үшін санитарлық рейсті орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Жасы небәрі бір айлық балаға шұғыл медициналық көмек қажет болған. Тікұшақ бортында ұшқыштармен бірге науқасты алып жүрген дәрігерлер де болған.

Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында Төретам кентінен Қызылорда қаласына дейінгі ұшу сәтті өтті. Сәби ауруханаға жеткізіліп, мамандардың бақылауына тапсырылды.