15 Қараша 2026, 21:15 Фото: Скриншот

ТЖМ ұшағы науқасты Зайсаннан Өскеменге шұғыл түрде жеткізді

Өскеменге қонғаннан кейін науқас әрі қарай ем алу үшін медициналық мекеме дәрігерлеріне тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ ұшағы Зайсан – Өскемен бағыты бойынша санитарлық авиация рейсін орындады. Бортта шұғыл медициналық көмекке мұқтаж, 1976 жылы туған науқас болды.

Рейсті ұшқыштар Евгений Шимолин мен Сергей Бондарь санитарлық авиация дәрігерлері Айгүл Күдербаева және Бек Асаубаевпен бірлесіп жүзеге асырды.

Ұшу кезінде медицина мамандары науқастың жағдайын үздіксіз бақылап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Ал экипаж оны қауіпсіз әрі жедел жеткізуді қамтамасыз етті.

Өскеменге қонғаннан кейін науқас әрі қарай ем алу үшін медициналық мекеме дәрігерлеріне тапсырылды.

ТЖМ авиациясы, әсіресе шалғай аудандарда тұратын тұрғындарды шұғыл медициналық көмекпен қамтамасыз ету және науқастарды санитарлық авиация арқылы тасымалдау бағытында маңызды қызмет атқарады.