ТЖМ үндеуі: Жаңа жыл қарсаңында газ баллондарды қалай пайдалану керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев жаңа жыл қарсаңында газ баллондарды қалай пайдалану керегіне кеңес берді.
ТЖМ желтоқсан және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды пайдаланатын азаматтарға үндеу жасады.
- газ баллонын қосар алдында газдың кемуін тексеру, қысым реттегішінің жай-күйін тексеру, ашық отты пайдаланбау, темекі шегу, газ иісі болған кезде электр аспаптарын қосу және ажырату;
- газ тұрмыстық баллондарды жылыту және жылыту аспаптарыныңжанында орналастыруға жол бермеу;
- автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын толтырмауға, өйткені бұл тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарына қайшы келеді;
- газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге заңда көзделгендей, тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын газ желісі ұйымымен немесе газ толтыру пунктінің иесімен ғана шарттар жасасуды сұрады.
Сонымен қатар автогаз құю станцияларының иелеріне тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершіліктің бар екенін және станцияларда осындай фактілерге жол бермеу туралы ақпараттық стендтерді орналастыру қажеттігін ескертеміз. Ал газ толтыру станциялары мен пункттерінің иелеріне тұрмыстық газ баллондарын, оның ішінде теріс температура кезеңінде пайдалану қағидалары бойынша тұтынушыларға нұсқама жүргізу қажеттігі туралы нұсқама беруді ескертеміз, - деп айтты ТЖМ вице-министрі Мереке Пішембаев.
Ол газ аспаптарын, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету адам өмірі мен денсаулығының, сондай-ақ мүлкіңіздің сақталуының кепілі болатынын айтты.