Бүгiн 2026, 08:54
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ тікұшағы жаңа туған сәбиді шұғыл түрде Қызылордаға жеткізді
Ұшқыштардың кәсібилігі мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында санитарлық рейс сәтті аяқталды.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Қазавиақұтқару тікұшағының экипажы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы елді мекенінен жаңа туған сәбиді анасымен бірге облыс орталығына жедел жеткізу үшін санитарлық рейс орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұшу барысында әуе кемесінде медициналық қызметкерлер болып, нәрестенің жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.
Ұшқыштардың кәсібилігі мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында санитарлық рейс сәтті аяқталды. Сәби Қызылорда қаласындағы медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандардың бақылауына берілді.