31 Тамыз 2025 2025, 21:51 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Жезқазғанға жеткізді

Бүгін ұшқыштар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге Жәйрем кентінен Жезқазған қаласына сәбиді тікұшақпен жеткізді.

Ұлытау облысында жаңа туған нәрестеге шұғыл көмек қажет болып, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» әуе қызметі жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін ұшқыштар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге Жәйрем кентінен Жезқазған қаласына сәбиді тікұшақпен жеткізді. Нәрестенің жағдайына байланысты әр минуттың маңызы зор болғандықтан, тасымалдау жедел жүзеге асырылды.

Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында операция сәтті аяқталып, сәби перинаталдық орталыққа аман-есен жеткізілді.