Кеше 2026, 21:50
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Қызылордаға жеткізді
Нәресте қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентінде жаңа туған нәрестені облыс орталығына жедел жеткізу қажеттілігі туындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы шұғыл түрде жұмылдырылды. Тікұшақ қысқа уақыт ішінде ауданға жетіп, сәбиді дәрігерлердің сүйемелдеуімен Қызылорда қаласына жеткізді.
Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде нәресте дер кезінде медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.