Кеше 2026, 04:27 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Өскеменге жеткізді

Облыс орталығына жеткен соң сәби медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті ем қабылдауға орналастырылды.

Зайсан ауданында жаңа туған нәресте ТЖМ авиациясының көмегімен шұғыл түрде Өскемен қаласына жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқару операциясына ТЖМ экипажы мен санитариялық авиация дәрігерлері қатысты. Олар ұшу барысында нәрестенің жағдайын бақылап, қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті.

Облыс орталығына жеткен соң сәби медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті ем қабылдауға орналастырылды.

ТЖМ мәліметінше, санитариялық авиация алыс қашықтықтарда жедел көмек көрсетіп, адам өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқарады.