Кеше 2026, 22:53 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Өскеменге жеткізді

Экипаж құрамында ұшқыштар Сергей Пинигин, Леонид Каликанов және Мурат Альбергенов болды.

ҚР ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» әуе кемесі шалғай ауданнан жаңа туған нәрестені облыс орталығына шұғыл тасымалдады. Ұшу Өскемен – Күршім – Өскемен бағыты бойынша жүзеге асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экипаж құрамында ұшқыштар Сергей Пинигин, Леонид Каликанов және Мурат Альбергенов болды. Санитариялық авиация дәрігерлері Жұлдыз Абулова мен Назым Бейсенбаева нәрестеге жол бойы қажетті медициналық көмекті көрсетті.

Дәрігерлер мен ұшқыштардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде ұшу сәтті өтіп, сәби дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЖМ санитариялық авиациясы уақыт шешуші рөл атқаратын жағдайларда адам өмірін сақтап қалуға бағытталған шұғыл көмекті қамтамасыз етеді.