ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Өскеменге жеткізді

Қазавиақұтқару әуе құрамының ұшқыштары Сергей Пинигин мен Азамат Кабден, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері Ботагөз Акашева және Лариса Величко жаңа туған нәрестені Риддерден Өскеменге шұғыл жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Медициналық көрсеткіштер бойынша шұғыл тасымалдауды қажет еткен сәби арнайы жабдықталған ТЖМ тікұшағымен облыстық медицина орталығына жеткізілді.

Ұшу сәтті өтті. Авиациялық экипаж бен дәрігерлердің жедел және кәсіби жұмысының арқасында баланың өміріне қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы