ТЖМ тікұшағы пациентті шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізді

ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы 1967 жылы туған пациенттің қауіпсіздігін қадағалап, Зайсан қаласынан Өскеменге әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экипаж мүшелерінің қатарында пилот Сергей Пинигин мен Бауыржан Бутенбаев, санавиация дәрігерлері Лариса Величко мен Айгүл Қүдербаева бар.

Экипаждың кәсібилігінің және дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті. Облыс орталығына келгеннен кейін пациент одан әрі емдеу үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Келесі жаңалық
Қытайда жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы