3 Қазан 2026, 04:27
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл түрде Өскеменге жеткізді
Науқасты уақытылы жеткізу экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында жүзеге асқан.
Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ авиациясы шұғыл санитарлық рейс орындады.
Экипаж Өскемен – Шемонаиха – Өскемен бағыты бойынша ұшып, науқасты Шемонаихадан Өскемендегі медициналық мекемеге әрі қарай ем алу үшін жедел жеткізді.
Рейске ұшқыштар Сергей Пинигин, Леонид Калеканов, Айдар Мамырханов және медицина мамандары Рустам Мұқажанов пен Татьяна Сергеева қатысты.
ТЖМ мәліметінше, науқасты уақытылы жеткізу экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында жүзеге асқан.