Кеше 2026, 23:28
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл түрде Атырауға жеткізді
Ұшу барысында науқастың жағдайы тұрақты бақылауда болды.
Атырау қаласынан санитарлық авиация желісі арқылы ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы Атырау – Құрманғазы – Атырау бағыты бойынша арнайы рейс орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әуе кемесінің бортында 5 экипаж мүшесі мен 2 дәрігер болып, ұшу барысында науқастың жағдайы тұрақты бақылауда болды.
Мамандардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде 1975 жылы туған пациент Атырауға сәтті жеткізіліп, әрі қарай ем алу үшін жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырылды.