ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл түрде Атырауға жеткізді

Бүгін Қазавиақұтқару тікұшағы Қызылқоға ауданының Миялы ауылынан 1948 жылғы науқасты санитарлық тапсырмамен Атырау қаласына жедел жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті орындалды.

Қону алаңында науқас жедел түрде медицина мамандарына тапсырылып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы