7 Тамыз 2026, 23:26
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ тікұшағы науқасты Оралға шұғыл түрде жеткізді
Санитариялық авиация қызметі пациенттерді медициналық мекемелер арасында жедел тасымалдауға мүмкіндік береді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы санитариялық авиация желісі бойынша Орал – Жалпақтал – Орал бағытымен шұғыл ұшу жасады.
Медициналық авиация бортымен Жалпақтал аудандық ауруханасында жатқан пациент Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Науқасқа мұнда әрі қарай мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.
Санитариялық авиация қызметі пациенттерді медициналық мекемелер арасында жедел тасымалдауға мүмкіндік береді. Әсіресе науқасты қысқа мерзімде мамандандырылған ауруханаға жеткізу қажет болған жағдайда оның маңызы зор.