Бүгiн 2026, 05:18 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ тікұшағы науқастарды шұғыл түрде Жезқазғанға жеткізді

Науқастардың бірі – 7 жасар бала.

ТЖМ санитарлық рейсі науқастарды шұғыл тасымалдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ санитарлық авиациясы Жезқазған – Қаражал – Жезқазған бағыты бойынша 7 жастағы бала мен 1953 жылы туған ер адамды шұғыл түрде бейінді медициналық мекемеге жеткізді.

«Қазавиақұтқару» ұшқыштары мен медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті, науқастар дер кезінде дәрігерлерге тапсырылды.