ТЖМ тікұшағы нәрестені шұғыл түрде Қызылордаға жеткізді
Бүгін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы жедел медициналық көмекке мұқтаж жаңа туған нәрестені тасымалдау үшін шұғыл түрде әуеге көтерілді. Сәби Жаңақорған ауданынан Қызылорда қаласына жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұшу барысында бортта болған медицина қызметкерлері баланың жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде тасымалдау сәтті аяқталып, нәресте медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда пиротехникалық бұйымнан бір бала жарақат алды
Келесі жаңалық
Сауд Арабиясы 2025 жылы өлім жазасы бойынша рекорд орнатты
Өзгелердің жаңалығы