ТЖМ тікұшағы нәрестені шұғыл түрде Астанаға жеткізді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша санитарлық рейс орындады. Ұшу кезінде шұғыл медициналық көмекке мұқтаж нәресте тасымалданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшқыштар мен медициналық бригаданың үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында бала аман-есен белгіленген жерге жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай санитарлық рейстер шалғай елді мекендер арасындағы қашықтық жағдайында жедел медициналық көмек көрсетудің тиімді тетігі болып саналады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары тәулік бойы кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын. Әсіресе шұғыл тасымалдау мен медициналық эвакуация қажет болған жағдайда біздің экипаждар дереу іске кіріседі, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі таңда ТЖМ әуе техникасы елдің барлық өңірінде жұмыс істеп тұр және санитарлық авиация, іздестіру-құтқару және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тұрақты түрде рейстер орындайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы