ТЖМ тікұшағы кішкентай баланы шұғыл түрде Жезқазғанға жеткізді
Бүгін Ұлытау облысында санитарлық авиация желісі бойынша «Жезқазған – Қаражал – Жезқазған» бағытымен Ми-8 АМТ тікұшағы (МИ-882 борты) шұғыл медициналық әуе рейсін орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұшу 2024 жылы туған науқасты жедел түрде медициналық мекемеге жеткізу мақсатында ұйымдастырылды. Пациенттің жағдайы шұғыл арнайы медициналық көмекті қажет еткендіктен, санитарлық авиацияны пайдалану туралы шешім қабылданған.
Экипаж бен санитарлық авиация медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында әуе рейсі сәтті өтті. Науқас дәрігерлерге тапсырылып, әрі қарай мамандардың бақылауына алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қоймадан шыққан өрт толықтай сөндірілді
Өзгелердің жаңалығы