Кеше 2026, 23:27
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ тікұшағы екі науқасты шұғыл түрде Семейге жеткізді
Науқастар әрі қарай тексеруден өту және қажетті ем алу үшін медициналық мамандарға тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы кезекті санитариялық рейсті сәтті орындады.
Абай облысының Ақсуат ауданынан Семей қаласына «Қазавиақұтқару» тікұшағымен екі науқас шұғыл түрде жеткізілді. Әуе кемесінің бортында мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж 1960 жылы туған әйел мен 1974 жылы туған ер адам болған.
Науқастар облыс орталығына дер кезінде жеткізіліп, әрі қарай тексеруден өту және қажетті ем алу үшін медициналық мамандарға тапсырылды.