ТЖМ тікұшағы ауыр жарақат алған науқасты шұғыл түрде эвакуациялады
Солтүстік Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, «Қазавиақұтқару» экипажы және медицина қызметкерлері бірлесіп ауыр жарақат алған науқасты санитарлық авиация арқылы облыс орталығына жеткізді. Эвакуация Ми-8 тікұшағымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл санитарлық авиацияның Айыртау ауданына жасаған алғашқы рейсі болды. Тікұшақ Саумалкөл ауылына бағыт алып, ұшу шамамен бір сағатқа созылды. Нәтижесінде зардап шеккен адам мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін қысқа мерзімде жеткізілді.
Аумағы кең әрі елді мекендері бір-бірінен шалғай орналасқан өңірлер үшін санитарлық авиацияны пайдалану аса маңызды. Мұндай эвакуация науқастарды жеткізу уақытын едәуір қысқартып, адам өмірін сақтап қалу мүмкіндігін арттырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қар, боран, тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы