7 Қыркүйек 2026, 03:26
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ тікұшағы ауыр жарақат алған баланы Талдықорғанға жеткізді
Бала Талдықорған қаласындағы медициналық ұйымға жеткізіліп, реанимация бөліміне жатқызылды.
ТЖМ авиациясы ауыр жарақат алған баланы санитарлық авиация арқылы медициналық мекемеге жеткізді.
«Қазавиақұтқару» әуе кемесі Талдықорған – Қабанбай – Талдықорған бағыты бойынша арнайы рейс орындады.
Бала Талдықорған қаласындағы медициналық ұйымға жеткізіліп, реанимация бөліміне жатқызылды.
Ұшу кезінде медицина қызметкерлері баланың жағдайын үздіксіз бақылап, қажетті медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз етті.