ТЖМ тікұшағы ауыр жағдайдағы нәрестені Атырауға жеткізді
ТЖМ тікұшағы ауыр хәлдегі нәрестені шұғыл түрде Атырауға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылынан 2025 жылы туған ауыр жағдайда жатқан нәрестені Атырау қаласына жедел медициналық тасымалдауды жүзеге асырды, - делінген хабарламада.
Ұшу экипажының жедел әрі кәсіби әрекеті мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті.
Атырауға қонған соң сәби дереу дәрігерлерге тапсырылып, облыстық медициналық мекемеге жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оқушыларға арналған "Болашақ прокурорлар клубы" ашылды
Келесі жаңалық
Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды
Өзгелердің жаңалығы