Кеше 2026, 22:24
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ тікұшағы ауыр хәлдегі науқасты шұғыл түрде Оралға жеткізді
1995 жылы туған тұрғын санитариялық авиация рейсі арқылы көпбейінді ауруханаға тасымалданып, оған мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.
Бүгін ҚР ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданынан ауыр жағдайда жатқан науқасты облыс орталығына шұғыл жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1995 жылы туған тұрғын санитариялық авиация рейсі арқылы көпбейінді ауруханаға тасымалданып, оған мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.
ТЖМ мәліметінше, экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің арқасында науқасты жеткізу уақыты едәуір қысқарып, емнің нәтижелі болуына мүмкіндік артқан.